Елімізде амфетамин, экстази сынды синтетикалық есірткілердің таралуы өршіп тұр - А.Выборов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда синтетикалық есірткілердің тарала бастауы өткір проблемаға айналып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов мәлім етті.

Елімізде амфетамин, экстази сынды синтетикалық есірткілердің таралуы өршіп тұр - А.Выборов

А.Выборовтың сөзіне қарағанда, шамамен соңғы 4 жылда есірткі тұтыну көлемінің айтарлықтай төмендегенін байқауға болады. Сонымен қатар есірткі және есірткі заттарын тәркілеу көлемі де артып келеді. Шу алқабынан әзірленетін марихуана мен гашиш сынды есірткілердің таралуы көлемі де төмендеуде. «Дегенмен, өкінішке орай героин іспеттес есірткілердің заңсыз нарықта белгілі деңгейде тапшы болуы басқа үрдісті өршітіп тұр. Бүгінгі таңда Батыс Еуропадан Ресей Федерациясы аумағы арқылы елімізге жеткізіліп, тарала бастаған синтетикалық есірткілер проблемасы барынша өткір тұр. Олар: амфетамин, экстази, ЛСД сынды заттар», - деді ол.