Елімізде балалар киімінің бренді пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалар киімінің бренді пайда болды.
None
None

Петропавл қаласында олардың алғашқы коллекциясы шығарыла бастады. Әзірге фабрикада киім-кешектің 160 үлгісі тігіледі. Отандық өнім Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына толық жауап береді.

Фабрикада 110 адам еңбек етеді. Олар 3 пен 14 жас аралығындағы балаларға арналған киімнің түр-түрін тігіп шығарады. Сәнгерлер олардың заман талабына сай болуына баса мән берген. Киім үлгілерін жасауға ата-аналар да атсалысқан.

Осы айдың соңында киім-кешектер Мәскеуде өтетін балалардың халықаралық сән көрмесінде халық назарына ұсынылатын болады. Енді фабрика ғаламтор дүкенін ашуды жоспарлап отыр, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар