Елімізде белсенді қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны - 623 мың 751

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы ақпанның 1-індегі есептеулер бойынша, нарықта белсенді қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 623 мың 751-ді құрайды.
None
None
ҚР Статистика агенттігінің ай сайын шығаратын Әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары жөніндегі журналында осылай көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік мәліметтеріне сәйкес 2009 жылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы 155,9 млрд. теңге болған. Ал нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2009 жылғы ақпанның 1-інде 623 мың 751 бірлікке жеткен. Сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 1 млн. 944,9 мың адамды құрап отыр. Дегенмен шағын кәсіпкерлік аясында жұмыспен қамтылғандардың халықтың жалпы санындағы үлесі 6,3 пайызға, экономикалық белсенді жұртшылықтағы үлесі 6,5 пайызға азайған.
Соңғы жаңалықтар