Елімізде бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру, 8 өлімге апарып соқтырған қасақана денсаулыққа зиян келтіру қылмысын ашты. Сондай-ақ, 2 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 437 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы да әшкере болды», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ, ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі 1 ақпаннан, полицияға хабарлама қабылдаудың жаңа процесін іске қосқанын айтты.

«102» мобильді қосымшасының көмегімен елдің әрбір тұрғыны ішкі істер органдарына вандализм, қоқыстарды қоғамдық орындарға тастау, есірткі сату және тағы басқа жасалған құқық бұзушылық туралы ақпаратты жібере алады.

Бұл жүйе арқылы сіз апелляциялық шағым жібере аласыз. Ол үшін операторға аудио немесе видео қоңырау арқылы хабарласыңыз. Ал қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, оператор не болып жатқанын көре алады және төтенше жағдайларды жою шараларын қолдана алады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар