01:53, 04 Мамыр 2020 | GMT +5
Елімізде бір күнде жазылып шыққандар саны алғаш рет ауру жұқтырғандардан артық болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 мамырдағы жағдай бойынша ауруды жұқтырғандар мен жазылып шыққандар саны жөніндегі статистика оң қорытынды берді - 89 адам коронавирус инфекциясынан айыққан, ал 63 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір тәулік ішінде 63 адам індет жұқтырған, ал 89 адам коронавирус инфекциясынан айыққан, 2 адам қайтыс болған - Шымкентте және Қарағанды облысында.
Жалпы еліміз бойынша ауруды жұқтырғандар саны 3920 адам, айыққандар -1084, қайтыс болғандар - 27», деп хабарлайды coronavirus2020.kz.