Елімізде бірінші жартыжылдықта 198 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында табысы кедейлік шегінен төмен 198 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасында балаларға, көп балалы аналарға, мүгедектерге атаулы әлеуметік көмек көрсетуді бақылауға алу көзделген.  2009 жылғы шілденің 1-індегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен 198,5 мың азаматқа тағайындалды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері - 13 мың 430 теңгені құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 49,9 пайызға ұлғайды», деді бүгін Астанада «Нұр Отанның» әлеуметтік-экономикалық саясатының жүзеге асырылу мәселелеріне арналған брифингте партияның Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Әбдішев.

 Б. Әбдішев Халықтық тұғырнамада  ана мен баланы қолдауға баса мән берілгенін атап өтті. «Тұғырнамада бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін жәрдемақылар мөлшерін кем дегенде 2,5 есеге көтеру көзделген. Бір жасқа келгенге дейін берілетін жәрдемақы ағымдағы жылдың алты айында 144,8 мың адамға төленді. Төленген жәрдемақының жалпы сомасы 8 млрд. 447 млн. теңгені құрады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар