Елімізде бизнесті қолдаудың үш деңгейлі инфрақұрылымы жүзеге асатын болады - ӨДМ

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда бизнесті қолдаудың үш деңгейлі инфрақұрылымы жүзеге асатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Өңірлік даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, бірінші деңгей бойынша облыстық деңгейде кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің 16 орталығы қызмет ететін болады. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеуде. Ал екінші деңгей бойынша моноқалаларда қазірдің өзінде кәсіпкерлікті қолдаудың 24 орталығы ашылған. Жыл соңына дейін олардың саны тағы 3-ке артады.

«Үшінші деңгей - бұл аудандық деңгейдегі қолдау. Бұл деңгейде еліміздің 153 ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, сондай-ақ қазірдің өзінде 5 ауданда қызмет етіп жатқан қолдаудың мобильді орталықтары жұмыс жасайды. Жыл соңына дейін 3 ауданда осындай қосымша орталықтар ашылады», - дейді Ғалия Жолдыбаева.

Оның сөзіне қарағанда, барлық деңгейлерде бизнесті қолға алу, бизнесті тоқтату, жүргізу мәселелері бойынша сервистік қолдаулар іске қосылады. Мамандандырылған консалтинг құрылып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары түсіндіріледі. Бұдан бөлек, «Даму» қорының мамандарын тарта отырып, бизнес-тренингтер өткізу жоспарланады.

Соңғы жаңалықтар