Елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі тұрғысында ахуал жақсы - Д. Назарбаева

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Х Еуразиялық медиа форумда өте жақсы әрі сапалы пікіралмасу болды.  Бүгін Астанада форумның жабылуы салтанатында аталмыш Форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай айтты.
None
None

Сонымен аталған форумның аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Д. Назарбаева бұл саланы реттейтін заң еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде 3-4 мәрте қайта қаралып, жаңартылғанын айта келе, «менің пайымдауынша, әр заңнама догма емес, заң заман талабына сай қатар жүруі тиіс және жаңартылып отыруы шарт»,-деді.

Осы орайда ол еліміз мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының болуына жағдай туғызып отырғандығын атап өтті.

«Менің пайымдауымша, елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі тұрғысында ахуал жақсы»,-деді Д. Назарбаева.

Бұл тұрғыда ол форум аясындағы сессияларда сарапшылардың бірі айтқан пікірді тілге тиек етті. «Бүгінде БАҚ еркіндігі бойынша проблема жоқ. Себебі, интернет бар және кез-келген басқарушы немесе үкімет журналистердің аузын жапқысы келгенімен, қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар мен мүмкіндіктер оған жол бермейді. Сондықтан да бүгінде бұл сұрақ біршама ескірген. Қазір журналистиканың алдында мүлдем өзге проблемалар тұр»,-деп атап өтті Д. Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар