Елімізде Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға ескерткіш ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысқандарға арналып ескерткіш ашылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елімізде Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға ескерткіш ашылады

Жаңа ескерткіш А.Байтұрсынов және Жамбыл көшелерінің қиылысындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы саябақта бой көтереді.

Айта кету керек, сәуірдің 26-сында Чернобыль АЭС-індегі техногендік апаттың орын алғанына 30 жыл толады.

Қазақстаннан ядролық апаттың салдарын жоюға кей деректе 32 мың, кей деректе 40 мың адам аттанған. Олардың ішінде әр жылдары көз жұмып, шетелге кеткендерден қазір 5 мыңға жуығы қалды.