Елімізде есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды - ІІМ

«Кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы арнайы бөлімшесінің қызметкерлерінің жедел әрекеті барысында Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, есірткі сатушыдан 1 келі героин тәркіленді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, дәл осындай операцияны елордалық полиция қызметкерлері де сәтті жүзеге асырған.

«Саяжай қоғамдастығы аумағынан Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Одан 7 келі гашиш алынды. Аталған операцияларың нәтижесінде есірткі заттарын жеткізу және тарату арнасының бүкіл тізбегі әшкере болды», - деді Алмас Садубаев.