15:23, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Елімізде иесіз қалдықтардың 1 мыңнан астам нысандары анықталды
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде иесіз қалдықтардың 1 мыңнан астам нысандары анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада 2008 жылы атқарылған жұмыстарға байланысты өткен брифингте Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Рақымбергенов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
М. Рақымбергеновтың айтуынша, бүгінде қалдықтардың мемлекеттік кадастрын құру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Оның сөзіне қарағанда, комитет тарапынан мемлекеттік ведомстволармен және жергілікті әкімдіктермен иесіз қалдықтарды жүйелеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы республика бойынша жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде иесіз қалдықтардың 1 мыңнан астам нысандары белгілі болды.
Қазіргі кезде жергілікті атқару органдарымен қалдықтардың ахуалы анықталуда, кейіннен қалдықтар мемлекеттің меншігіне беріліп, қайта өңделетін болады.