19:43, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға 100 млрд теңге бөлінген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жеке бизнесті, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 225 млрд теңге арнайы резерв қарастырылған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Қазір өңірлерде жұмыссыздар санын азайтып, тұрғындардың тұрмысын түзеуге бағытталған бағдарламалар нәтиже бере бастады, деп жазады теларна.
«Тараз қаласы бойынша өнімдерімізді сататын төрт дүкеніміз бар. Онда көрпе-жастықтан бастап, түрлі киім-кешектерге дейін саудалаймыз. Келешекте дүкендер желісін құру жоспарымызда бар. Қазір кәсібімізді кеңейтіп, еліміздің басқа да облыстарында өз тауарларымызды шығару мақсатында жұмыс істеп жатырмыз», дейді мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер Любовь Попова.
Біздің елде шағын және орта кәсіпті дамытуға басымдық берілген. Себебі бұл бағыт өркендесе, елдің әлеуеті мен экономикалық жағдайы дами түседі. Сондықтан биыл кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлініп отыр.