Елімізде «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу іс-шарасы басталды
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Жолдағы апаттар бүгінгі күні маңызды әлеуметтік-экономикалық және демографиялық проблемалар қатарында жетекші орын алып отыр.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімшілік полиция қызметкерлері Жол қозғалысы ережелері талаптарының сақталуын қадағалауды күшейтуі ЖКО алдын алудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
2013 жылдың 9 айында республика жолдарында 2138 адам қаза тауып, 19964 адам жарақат алған 15397 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оқиғалар саны 58,7%-ға өсті, онда қаза тапқан азаматтар саны 3,3%-ға, ал жараланғандар саны 67,4%-ға артты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.
Соған байланысты, ЖКО және олардың ауыр салдарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2013 жылғы 21 - 27 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Әкімшілік полиция бөлімшелерінің барлық жеке құрамы алдын алу іс-шаралары кезеңінде қала сыртындағы тас жолдарда жасақтардың жиілігін және облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында күзетті күшейте отырып, қызметтерін күшейтті.
Жеке құрамның жұмысы ЖКО әкеп соқтыратын ЖҚЕ барынша қауіпті бұзу фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазан күні Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жол ережесін бұзушыларға қатысты заң талаптарын күшейту қажеттігін баса айтқан болатын. «Рөлге мас күйінде отырған жүргізуші - қылмыскер. Оны бізде бар заңмен барынша қатаң жазалау керек немесе бұл заңдарды күшейту қажет, - деді Елбасы. - Бұл - барып тұрған тәртіпсіздік. Адамдардан айырылудамыз. Біз мында оларды емдеп, олардың санын әрі өмір сүру ұзақтығын арттырғымыз келеді. Ал жолда олар мерт болуда».