Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлты, нәсілі, діні, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдары сияқты ерекшеліктеріне қарамастан, республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «тқоғуған елім, Отаным» деп тануы қажет. Патриотизмді қалыптастыру - жеке тұлғаның нық саяси тұрғыда өзін - өзі нақты айқындауы деген сөз.
None
None

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік шеберлікті жетілдіруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін үздіктер мен озат мамандарды даярлау мақсатында үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Елімізде 2017 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1999-1990 жылдары туылған 16 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын тиісті білім деңгейі бар, физикалық және психологиялық тұрғыда анағұрлым дайындалған жас толыммен жасақтау көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының негізгі міндеті болып табылады.

Шақыру «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің запасқа шығару және 2017 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 Жарлығына сәйкес басталады.
Қазақстан Республикасындағы мерзімді әскери қызметке жасақтау шаралары эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Яғни, шақырылушы өзге өңірге қызмет етуге жолданады. Әскери бөлімдер бойынша жас толымды іріктеу және тарату кезінде шақырылушылардың шақырылуға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Қазақстан Армиясы әскерге шақыру бойынша да және келісімшарт бойынша да аралас тәсілмен жасақталады. Оның іс-қимылының барлық саласына әлемдік тәжірибеге негізделген ең жаңа және озық тәжірибе енгізіледі. Жеке құраммен жасақтау, оның ішінде әскерге шақыру да артта қалған жоқ.

Бұл ретте, 2017 жылғы көктемгі әскерге шақыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу кезеңінде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты өңірлерде жаңа шақырылғандарды армияға салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру, әскери ант қабылдау дәстүрін ашық алаңдарда, қалалар мен аудандардың тарихи маңызды жерлерінде қоғамның және БАҚ-ның топтарын кеңінен тарта отырып өткізу жоспарлануда.

Өйткені, әскери-патриоттық жұмыс өсіп келе жатқан ұрпақтың биік патриоттық сезімін және мемлекеттің өз Отанын қорғауға әзір азаматының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне құрлық әскерлері , Әуе қорғаныс күштері , Әскери - теңіз күштері , сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара әскерлері , Республикалық Ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет міндетін өтеу мерзімі - бір жыл.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен жылдарында біздің мемлекетіміздің басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың талмас қамқорлығы нәтижесінде шағын, ұтқыр және жауынгерлік Қарулы Күштер қалыптастырылды, оның негізі жоғары жауынгерлік машықты көрсете алатын жеке құрамнан тұрады.

Айта кетейік, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды.

Соңғы жаңалықтар