09:44, 16 Тамыз 2020 | GMT +5
Елімізде коронавируспен ауырғандар арасында 401 науқастың жағдайы нашар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясынан 19 741 адам емделіп жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 401 науқастың жағдайы нашар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«16 тамыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 19 741 адам емделіп жүр. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 401 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 105 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», делінген хабарламада.