Елімізде құрастырылған автокөліктерге өңірлердегі шенеуніктер көбірек отыруда - Ә. Исекешев

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұжымдар 11 млрд. теңгеге елімізде құрастырылған автокөліктерді сатып алған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.
None
None

«Қазір менің көптеген әріптестерім отандық автокөліктермен жүр деп айта аламын. Биыл елімізде құрастырылған көліктер 11 млрд. теңгеге сатып алынды. Шенеуніктердің көп бөлігі, әсіресе өңірлердегілер сондай көліктерге отырды. Әрине, көліктердің өзіндік жарамдылық мерзімі бар, сондықтан әріптестерім (басқа да орталық меморгандардың басшылары) біраз уақыт қана бұрын сатылып алынып қойған шетелдік көліктерді тастай алмайды. Алайда қазір ұлттық компаниялар өзіміздің өнімдерді белсенді түрде сатып алуда. Үкімет те, Президенттің Іс басқармасы бұл көліктермен толық қамтамасыз етілді. Бұрын сатылып алынған шетелдік көліктердің қолданыстан шығарылуына байланысты, бұл мәселе біртіндеп шешілетін болады», - деді Ә. Исекешев журналистер қойған «сіздің көрсеткен үлгіңізге орай басқа министрлердің отандық көліктерге отырмай жүргеніне ренжімейсіз бе?» деген сұраққа жауап ретінде.

Естеріңізге сала кетейік, вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің алғашқыларының бірі болып S-санатты Мерседестен елімізде құрастырылған Skoda Superb-ға отырған болатын.

Соңғы жаңалықтар