Елімізде құрылыс саласына салынған капиталдық инвестиция екі есе төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс саласына салынған негізгі капитал 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының аралығында 38,5 млрд теңге көрсеткішті көрсетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45,9 пайызға кеміді. Бұл - кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш болғанымен, Finprom зерттеушілері Қазақстанда құрылыс бағасы едәуір арзандайтынын болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Инвестицияның азаюы Қазақстанның 17 аймағының 13-де тіркелген. Ең үлкен өзгеріс Атырау облысында: төмендеу 69,8 пайызға, яғни 7 млрд теңгеге дейін құлаған. Ал инвестициялардың ең ауқымды көлемі Алматыда тіркелді - 7,7 млрд теңге. Сонымен қатар өсім Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында байқалды» делінген зерттеу қорытындысында.

Қазіргі уақытта құрылыс саласына келіп жатқан қаражаттың басым бөлігі – бизнестің өз қаржысы. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында олардың көлемі 35,8 млрд теңгеге жеткенімен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе аз соманы көрсетіп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктер есебінен Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайтынын жария еткен еді.

Министрліктің хабарлауынша, нысандар құрылысының құнына нақты лимиттер белгіленген. Яғни, өңірлер бойынша бірдей нысандардың құрылыс құны бірдей болуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар