Елімізде мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізетін кей кәсіпорындар шығынға батты

«Атамекен» төралқа төрағасы Райымбек Баталов С.Киров және Петропавл ауыр машина жасау зауытында болды. Кездесуде өңірдің өнеркәсіп саласының өкілдері бүгінде еліміздің қорғаныс тапсырыстарын орындайтын барлық кәсіпорынның алдында тұрған проблеманы атап өтті. Ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Қорғаныс министрлігімен шарт жасасу кезінде мемлекеттік-қорғаныс тапсырысы аясында тікелей және үстеме шығыстарды толық өтемеуге байланысты. Сондықтан кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің еңбекақысын, демалыс және аурухана төлемдерін өз есебінен төлейді.

«Өткен жылы осыған байланысты 800 млн теңге шығын өтелмеді. Сатып алуды Қаржы министрлігі жүргізеді және біз осы министрліктерге ережелерді өзгерту туралы бірнеше рет ұсыныс жібердік. Бірақ ұсыныстарымызға қолдау көрсетілмейді. Сонымен бұл мәселеге 2 жыл болды», - дейді «С.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ Бас директорының орынбасары Айнагүл Рахметова.
Бұл кәсіпорын азаматтық бағытта да жұмыс істейді. Мұнда да компания тауардың қымбат болуына байланысты мүлдем бәсекеге қабілетсіз, өйткені бағаға жоғарыда аталған шарттардан жабылмаған шығындар әсер етеді.

«Сонымен қатар тауарға ұсақ компоненттерді сатып алу үшін мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу ережелеріне сәйкес сатып алуды жүргізуім керек. Бұл іс жүзінде бір айға созылады: бірінші кезеңде және екінші кезеңде өтпеуі мүмкін, содан кейін 15-20 күн өтеді және ең жақсы жағдайда сатып алу бір көзден өтеді. Ал менің бәсекелесім шартты түрде өз өнімін гаражда шығарады. Ол қажетті бөлшектерді базарға барып арзанға және уақыт жоғалтпай сатып алады. Осылайша ол мерзімнен де, бағадан де ұтады. Сондықтан біз квазимемлекеттік сектордың сатып алу ережелерінен бас тартқымыз келеді. Өйткені олар мемлекеттік сатып алуларға теңестірілген. Ал біз коммерциялық кәсіпорынбыз, бізге ешкім жайдан-жай ақша бермейді», - дейді Айнагүл Рахметова.

Бұл ережелерден кәсіпорын өз режимін орнату арқылы заңды түрде бас тарта алады. Кәсіпкердің айтуынша, қазір Қазақстанда осындай мәселесі бар тағы 42 зауыт бар, онда 20 мың жұмысшы еңбек етеді. Проблема шешілмесе, өңірдің машина жасау саласы 5 жылдан кейін банкротқа ұшырауы мүмкін.
«Қандай өзгеріс енгізу керектігін жазып, бізге жіберіңіздер. Оған сіздерден басқа қалған 42 кәсіпорынның қолы қойылсын. Ал біз өз тарапымыздан іске кірісіп, мәселені шешуге тырысамыз», - деді Ұлттық палата басшысы Райымбек Баталов.