Елімізде неліктен той жасауға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Қазақстанда той-томалақ өткізуге рұқсат берілді. Бірақ оның өзіндік талаптары бар. Осы орайда ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тойға рұқсат берудің себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Елімізде бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттары бар. Біріншіден, шараға қатысушылардың Ashyq-та «жасыл» мәртебесі болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуымыз керек. Салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру - бұл тек той-томалақ өткізуге ғана қатысты емес. Бірінші кезекте мәселе шағын және орта бизнесті қолдау төңірегінде болып отыр. Бұл - күн тәртібіндегі ең маңызды мәселенің бірі. Тағы бір жайт, елімізде салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын еске салғым келеді. Қазақстанда КВИ-дің таралуын бақылау мен тоқтату шаралары күн тәртібінен түспейді», - деді Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, биылғы 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірқатар іс-шара өткізуге рұқсат етілді.



Соңғы жаңалықтар