12:55, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Елімізде орнаған бірлік пен татулық барлық жетістіктеріміздің алтын арқауы - Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында барша қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ардақты ағайын! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барша халқы бір атаның баласындай ұйысып, ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні терең. Елімізде орнаған бірлік пен татулық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктеріміздің алтын арқауы. Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін. Бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік болсын!», - деп жазды министр.