Елімізде шамамен 30 мыңға жуық полиция қызметкері баспанасыз - Қ.Қасымов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Елімізде шамамен 30 мыңға жуық полиция қызметкері баспанасыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
None
None

«Заңға сәйкес қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспанамен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады. Дегенмен қызметтік тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұған қоса мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына баспана бөлу нормасы жұмыс істемейді. Бірақ заңнамада қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған бөлігіне жатады. Осыған орай баспана қажетсінетін қызметкерлер саны жыл сайын артуда. 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұндай қызметкерлер 29 мың адамнан асып түседі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар