Елімізде синтетикалық есірткіге тәуелділерді емдеуге арналған орталықтар тапшы

«Қазақстанда «дәстүрлі» есірткілерді «синтетикалық» препараттармен ауыстыру байқалады. Олар өндіріс пен сатуда арзандығымен ерекшеленеді. 2018 жылы - 1,8 кг, 2019 жылы – 11 кг, 2020 жылы – 106,5 кг, 2021 жылы – 142,7 кг, 2022 жылы – 228,6 кг осындай есірткі заты тәркіленді.
Есірткінің жаңа түрлеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін есірткіге қарсы заңнаманың неғұрлым икемді жүйесі құрылды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, жасалған есірткі қылмыстары бойынша санкциялар күшейтілді: есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін, оның ішінде граффити-суреттер мен QR-кодтар арқылы қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Ақпараттық-коммуникациялық жүйеде жұмыс жандандырылды, онда жыл сайын заңсыз контенті бар, оның ішінде есірткі сатумен байланысы бар мыңдаған интернет-ресурстар бұғатталады», - делінген тұжырымдамаға енгізілген ІІМ деректерінде.
Бұл ретте, синтетикалық есірткіге тәуелділерді емдеу мен оңалтуға арналған медициналық орталықтар тапшы. Былтыр осындай бейіндегі қызметтерді көрсететін 7 есірткі диспансері жұмыс істеді.
«Жұмыс істеп тұрған 66 жеке клиникада (оның ішінде оңалту қызметтері бар 24 клиникада) емдеу ақылы, есірткіге тәуелділердің көпшілігі үшін қолжетімді емес. Нашақорларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу жүйесі жеткілікті дамымаған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, синтетикалық есірткіні пайдаланушылардың есебінде тұрған тұтынушылар саны 5 жылда 13 есеге (40-тан 528-ге дейін) өсті. Алайда, бұл көрсеткіштер нақты еме. Өйткені, олар жеке клиникалардың, жедел медициналық жәрдем бригадаларының, СӨС және ЖИТС орталықтарының мәліметтерін ескермейді», - делінген құжатта.
Осы орайда министрлік есірткі тұтынуды ерте анықтау жүйесін енгізуді ұсынады. Алайда, бұл басатамға көпшілік наразалық пікір білдірген.