10:01, 21 Тамыз 2020 | GMT +5
Елімізде соңғы тәулікте 723 адам пневмонияға шалдыққан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
1 тамыздан бергі статистика: науқастар саны - 21 264 , қайтыс болғандар - 243.
Ал жазылып шыққандардың саны 2139 адамға жетті.