Елімізде сумен жабдықтау нысандарымен қамтамасыз етуге жыл сайын бюджеттен 60 млрд. теңге жұмсалады

АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізде сумен жабдықтау нысандарымен қамтамасыз етуге жыл сайын бюджеттен 60 млрд. теңге жұмсалады.
None
None

Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылдағы қорытындысы мен ағымдағы жылғы міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Алдағы 10 жылда жыл сайын сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға 60 млрд. теңге көлемінде бюджет қаржысы бағытталатын болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, осы бағдарламаны іске асыру арқылы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауысумен қамтамасыз ету 80 пайызға, сондай-ақ шағын қалаларда бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, министрлік ауызсумен қамтамасыз етудің «Ақбұлақ» бағдарламасын әзірлеп таныстырған болатын.

Соңғы жаңалықтар