Елімізде теміржол қауіпсіздігін тексеру саны екі есеге өсті

Жиында аталған саладағы өзекті мәселелер белгіленіп, тасымалдаушылармен пікір алмасылды.
Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, 2017 жылы тасымалдау процесінің барлық қатысушылары Қауіпсіздік ережелерін 881 рет бұзған (2016 жылы - 1031).
Жолаушылар пойыздарында 183 оқиға тіркелген. "Тұлпар-Тальго" вагондары тіркелген жолаушылар пойызына айрықша көңіл бөлінді. 2015-2017 жылдарға жасалған талдау пойызды жабдықтауға байланысты ереже бұзу фактілерінің өскенін көрсетіп отыр. Соның салдарынан ұзақ уақытқа кідіру, жолаушыларға кері әсер ету мәселелері туындаған.
Жолдар мен құрылыс шаруашылығында 146 заң бұзушылық жасалған. Олардың басты себептері - жолдардың жоғарғы құрылыстарында ақаулардың болуы (жылжымалы составтың 9 рет жолдан шығуына әкелген), адам өтетін жерлерде қоршаудың болмауы.
Локомотивті және вагон шаруашылығында 50 заң бұзушылық тіркелген. Оның ішінде ауыр жүк жылжымалы құрамының жөндеуден өту сапасының төмендігі, локомотив бригадаларының лауазымдық нұсқаулықтарын бұзуы, пойыз локомотивінің ақаулары және тағы басқалар бар.
2017 жылғы Көлікті бақылау органдарының 737 тексерісі нәтижесінде теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу (в 2016 году - 5 414) фактілері анықталған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп отыр. 10,6 мың шақырым магистральді, станциялық және кірме жолдар, сонымен бірге теміржол жылжымалы құрамының 15 мың (2016 - 5414) бірлігі тексерілген. Тексеру барысында 27634 нормативті құқықтық актілер талаптарының (2016 жылы - 12603) бұзылғаны анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1094 теміржол желісі мен бағыттамалық бұрманы, 515 теміржол жылжымалы құрамын пайдалану тоқтатылды.
875 жолаушылар пойызы тексеріліп (2016 жылы - 253), 1194 (2016 жылы - 775) билетсіз жолаушыларды тасымалдау және 1922 кг (2016 жылы - 2131 кг) рәсімделмеген багаж анықталып, тоқтатылған.
Есепті кезеңде 1459 әкімшілік материал рәсімделіп, 54 млн теңгеден астам айыппұл салынды.