Елімізде түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін - ҚР ІІМ

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті.
None
None

Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр.

«Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де келеді. Үшіншіден, сәлемдемелерді жинау және жіберу карточкаға ақша аударуға қарағанда қиындау», - деді А. Күреңбаев.

Соңғы жаңалықтар