Елімізде университеттерді аккредиттеудің бірыңғай стандарты енгізілмек
«Қазір сапаны қамтамасыз ететін жүйені енгізу маңзды. Осыған байланысты бүгінгі таңда «таза парақтан» жобасы аясында жоғары білім беру саласындағы 67 нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Білім беру бағдарламаларының тізімін, аккредиттеу органдарының, аккредиттелген университеттердің және білім беру бағдарламаларының тізімдері мен рейтингілік көрсеткіштерді біріктіру жоспарлануда.
Енді жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты, оның ішінде, жоғары оқу орындарын аккредиттеудің бірыңғай стандартын әзірлеу жоспарлануда. Білім беру бағдарламаларының сапасын анықтайтын құралы ретінде «Атамекен» ҰКП рейтингісі қолданылады. Осы айдың соңында нәтижелер шығады. Рейтинг университеттердің әлеуетін және олардың бәсекеге қабілеттілігін объективті тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол Қонаев қаласында арнайы академиялық қалашық құру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, аталған шаһарға Алматыда орналасқан кейбір университеттерді көшіру мүмкіндігі қарастырылады.