Қонаевта арнайы академиялық қалашық құру пысықталып жатыр – Қуаныш Ерғалиев
«Қазіргі таңда Қонаев қаласында арнайы академиялық қалашық құру мәселесі пысықталып жатыр. 1-2 рет біз әкімдіктің өкілдерімен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Біз тек жоғары оқу орындарына жауапты болғаннан кейін, Әл-Фараби атындағы ұлттық университетті немесе Қ.Сатпаев атындағы үлкен университеттің кейбір факультеттерін көшіруге мүмкіншілік бар-жоғын қарастырып жатырмыз. Өйткені, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің өзінде ең үлкен жатақхана тапшылығы бар. Бірақ басқа жеке университеттер қаланың сыртына көшемін дейтін болса, сол мәселені де қарастырып жатырмыз қазіргі таңда», - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындарын жаңадан құрылған облыстың орталығына көшіру жатақхана мәселесін шешуге де ықпал етпек.
Айта кетейік, бұған дейін вице-министр Алматыдағы студенттердің 54 пайызы ғана тиісті жатақханамен қамтамасыз етілгенін мәлімдеген еді.
Фото: ortcom.kz