Елімізде валюталық бақылау анық емес - депутат
«Бүгінде валюталық бақылау бізде анық емес. Екінші деңгейлі банктер 35 компания бойынша істерді берді. 30-ы бойынша операциялардың күмәнділігі расталды. Бұл нені білдіреді? Бұл нағыз тонаушылық, яғни 35-тің ішінде 30-ы күмәнді операцияларға ұшыраған. Екінші деңгейлі банктер бұл қаржылық құйтырқыларды ынталандырады, яғни олармен бірлесе іс-қимыл жасайды. Себебі банктер басқаларына қарағанда осы валюталық операцияларда көп комиссиялық табыс алады», - деп тоқталды депутат Сенатта валюталық бақылау тақырыбына арналған жиында.
Осы орайда ол екінші деңгейлі банктер осы қаржы аударымдарына мүдделі екенін сөз етті.
«Біріншіден, валюталық операцияларда оларда қомақты табыстылық жүреді. Екіншіден, бұл компаниялар көбіне екінші деңгейлі банктермен үлестес және бұл жайында ешкім де жақ ашпайды. Осы бойынша ешбір банкир осы үшін қандай да бір жауапкершілікке тартылмады. Іс жүзінде олардың барлығы қаржылық ахуалға жауапты болуы тиіс. Олар бір орыннан екіншісіне ауысып келеді, ал қомақты қаржы жинап алғандар шетел асып кетті. Әлі күнге дейін осы мәселе шешімін таппай келеді, яғни бұл жағдайға нүкте қоятын уақыт жетті», - деді депутат.