Елімізде жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2015 жылдың 3 тоқсанында 4,1%-ға өсті

«2015 жылдың 3 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 67 918 теңгені құрады және осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 4,0%-ға өсімі кезінде 2014 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 8,3%-ға өсті», -делінген ақпар хатта.
2015 жылдың 3 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Астана қаласында, Атырау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,0-1,8 есеге асқандығы байқалды.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 37-43% төмен.
2015 жылдың 3-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,5 есені құрады (2014 жылғы 3-тоқсанда - 3,5 есе).