Елімізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің реестрі ұлғайтылмақ
![None None](/static/img/plug.webp)
және мониторинг жүргізу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында аталмыш министрліктің басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа редакциядағы мемлекеттік қызметтердің реестрі әзірленген. Ол бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын 133-тен 207-ге дейін ұлғайту қарастырылып отыр. Реестрдің формасы жетілдірілген, онда мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға да және оны көрсететін субьектілерге де қажетті және толыққанда ақпараттар бар.
Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда, Қазақстанда нормативтік-құқықтық актілермен мемлекеттік қызмет көрсетулердің 68 стандарты бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандарттарын жетілдіру үшін министрлік тиісті өзгертулер мен толықтырулар әзірлеген.
«Тұтастай алғанда, мемлектетік қызметтерді көрсетудің стандарттары мен регламенттерін енгізу мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруге, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыруға, атқарушы билік органдары қызметтерін тұтынушылардың мүдделеріне бағдарлауға, атқарушы билік органдарындағы әкімшілік-басқарушылық үдерістердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, қандай да бір мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бюджет шығындарын оңтайландыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына халық пен бизнестің разылығын арттыруға және жемқорлықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», деді Ж. Айтжанова.