Елімізде жерге зерттеу жүргізетін мемлекеттік институт құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жерге экономикалық бағалау жүргізіп, мониторинг жасайтын институт құрылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп - қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Кәсіпорынның міндеті – жерді экономикалық бағалау, оған мониторинг жүргізу, топырақты зерттеу, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу», - делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Сонымен қатар, тиісті қаулымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тікелей бағынатын мына құрылымдар енді Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді:

- Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы;

- Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталығы;

- Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы;

- Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 6 қыркүйектен бастап күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар