Елімізде жыл сайын 3 мың сотталушы кәсіптік колледж дипломын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жыл сайын 3 мың сотталушы кәсіптік колледж дипломын алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, ертеректе қылмыстық атқару жүйесі кәсіпорындары 100 пайыз мемлекеттік тапсырысты орындап келген. Бұған қоса, ол кезеңде сотталғандардың 90 пайыздан астамы жұмыспен қамтылған. Ал қазіргі уақытта орталықтандырылған тапсырыстың болмауы салдарынан қылмыстық атқару жүйесінің кәсіпорындары бір реттік тапсырысты ғана орындауға мәжбүр.

«Соңғы жылдары Ішкі істер министрлігі тарапынан қылмыстық атқару жүйесі кәсіпорындарының өндірісін жолға қоюға бағытталған бірқатар шараның қолға алынғанын атап өткім келеді. Мәселен, жаңа өндіріс орындары ашылып, жаңа тауар түрлері өндірілуде», - деді ол.

Ж.Кешубаевтың айтуынша, бүгінгі таңдағы сотталушыларды еңбекке бейімдеудің маңызды кезеңдерінің бірі оларды кәсіпке баулу болып отыр.

«Бізде 46 түзеу мекемесінде кәсіптік колледждер бар. Бұл оқу орындарында еңбек нарығына қажетті түрлі мамандықтар сотталушыларға үйретілуде. Жыл сайын шамамен 3 мың сотталушы осы кәсіптік колледждерде мемлекеттік үлгімен бекітілген дипломын алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар