18:46, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Еліміздегі банктердің депозиттік базасы 3 трлн. теңгеден асады - Е. Досаев
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні еліміздегі банктердің депозиттік базасы 3 трлн. теңгеден асады.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
«Дағдарыс кезеңінде Ұлттық банк жеке тұлғалар үшін қайтарып беруге кепілдендірілген депозит мөлшерін 7 есеге арттырды. Бұл 5 млн. теңгені немесе 3 мың 300 доллларды құрады. Осының арқасында жұртшылықтың банктік жүйеге сенімі артып, жергілікті депозиттер көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты», - дейді министр.