Еліміздегі барлық әкімдіктер тәртіп сақшыларының бақылауына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі барлық әкімдіктер тәртіп сақшыларының бақылауына өтті

«Төтенше жағдай режимі аясында республиканың барлық аумағында іс-шаралар жүргізілуде. Барлық әкімдіктер босатылып, күшейтілген қорғауға алынды» делінген хабарлама.

Айта кетейік, елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті бар.

Қазіргі сәтке дейін 26 қарулы қылмыскер жойылып, 18-і жараланды.

Алматыда Қоғамдық тәртіпті, стратегиялық маңызы бар объектілерді қорғауды, көшелерді тазалауды құқық қорғау органдарының күштері, қарулы және оларға қарасты күштер жүзеге асырады.