Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік саладағы өзгерістер

Осы орайда қысқа мерзімді, яғни ай сайынғы және тоқсандық, жартыжылдық экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатынын және жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделетінін атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экномика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-маусымда 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 99,3 пайыз құрады. Осы ретте 2016 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3030,8 млрд. теңгеге жетіп, бұл 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 8,5 пайыз артық болды.
Есепті кезеңде, яғни 2016 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8512 млрд. теңгені құрады, сөйтіп 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,6 пайыз азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5 пайыз артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,4 пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,7пайыз, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,9 пайыз төмендеді. 2016 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 794 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,7 пайыз артты.
Көлік саласы бойынша 2016 жылғы қаңтар-маусымда нақты көлем индексі 104,3 пайызды құрады. 2016 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен 240,6 млрд. тонна-километр болып, 2015 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,9 пайыз артты. Жолаушылар айналымының көлемі 124,1 млрд. жүк-километр құрап, 1,9 пайыз артты.
Байланыс саласы бойынша 2016 жылғы қаңтар-маусымда нақты көлем индексі 95,9 пайызды құрады. 2016 жылғы қаңтар-маусымда сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 95,1 пайыз болды. 2016 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі салыстырмалы бағада 3371,9 млрд. теңгеге жетіп, 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,1 пайыз болды. 2016 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі салыстырмалы бағада 7683,6 млрд. теңге болып, 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,4 пайыз құрады. 2016 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 23001,1 млн. АҚШ долларына жетті, 2015 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 29,9 пайыз төмендеді, соның ішінде экспорт 13753,7 млн. АҚШ долларын, импорт 9247,4 млн. АҚШ долларын құрады. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 372244 бірлік болды, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,1 пайыз артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар ұйымдар саны 363160 бірлік болды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 231704 бірлік құрады, оның ішінде 223028-ы шағын кәсіпорындар болды.
Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы маусымда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6 пайыз құрады. Азық-түлік тауарлар бағалары 5 пайыз, азық-түлік емес тауарлар - 4,7 пайыз, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер - 4,1 пайыз өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы маусымда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,6 пайыз жоғарылады.
Әлеуметтік саланы алатын болсақ, 2016 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 69913 теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылғы мамырға қарағанда 5,6 пайыз жоғары болды, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,5 пайыз төмендеді. 2016 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 131769 теңге болды. 2016 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 438,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 4,9 пайызға жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы маусым соңына 68,5 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына шаққанда 0,8 пайыз болды.