Еліміздегі ХҚО-лар жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды уақытша тоқтатады

«2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің Халыққа қызмет көрсету орталықтары:
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
- міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу;
- жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы:
- жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау:
- нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдаутоқтатылатынын атап өтеміз.
Одан бөлек, аталған кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды», - делінген мемкорпорация мәліметінде.