Елiмiздегi мектептерде 9 мыңнан астам психолог маман жұмыс iстейді
«Елiмiздегi 7,5 мыңнан астам мектепте 9084 психолог маман және 4346 әлеуметтік педагог қызмет iстеп жатыр. Сонымен қатар 2074 мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін полиция инспекторы бар. Ал 2377 мектепке бейнебақылау камералары орнатылған. Енді 2015-2016 оқу жылының соңына дейiн барлық мектептер оқушылармен жұмыс істейтін психолог мамандармен толықтай қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті ол.
Комитет төрайымының айтуынша, жыл басынан берi балалар құқығының бұзылуына байланысты 4 мыңға жуық арыз-шағым келiп түскен. Оның көбiсi ата- аналар тарапынан келген шағымдар.
«Бұлар көбіне ата-аналардың ажырасуы кезiндегi баланың қай ата-анада қалуына, балалардың өзара келiспеушiлiктерiне байланысты. Сонымен қатар, мұғалiмдердiң iс-қылықтарына байланысты арыздар келiп түседi, дегенмен олардың жалпы саны көп емес», - дейді маман.
Айта кетейік, бүгінде республика бойынша 5 млн-нан астам бала бар және олардың әрқайсысының өз денсаулығын сақтауға, қоғамның жағымсыз әсерлерiнен қорғалуға, рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуға құқығы бар. «Өздерiңiз бiлетiндей, балаларды физикалық-психикалық қысымнан, қатал көзқарастан және қорлаудан қорғайтын бiрқатар заңдар бар. Бүгiнгi күнi министрлiк барлық мүдделi органдармен, депутаттармен бiрлесiп балалар құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiруге бар күшiн салуда», - дейдi комитет төрайымы.