Еліміздегі оң өзгерістер ауыл-аймақтарға да тән

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Еліміздегі оң өзгерістер ауыл-аймақтарға да тән. Бұл туралы БҚО-ның Ақжайық ауданында болған Мәжіліс пен Сенат депутаттары атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдымен аудандағы білім мекемелерінде, жаңадан ашылған «Ақбота» балабақшасы мен жылыжайда, «Бұлақ» дүкені мен наубайханада болған Мәжіліс депутаттары Виктор Киянский мен Шавхат Өтемісов, сенаторлар Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов содан кейін тұрғындармен кездесті. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстанда атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған халық қалаулылары тұрғындар қойған сауалдарға да жауап берді. Осы орайда Е.Мұқаев еліміздің басқа аймақтарына қарағанда, Батыс Қазақстанда азық-түліктің 18 түрі бойынша бағаның төмен екендігін тілге тиек етті. Жиын соңында аудан әкімі Абай Иманғалиев ауданның 80 жылдығына орай «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» атанған, кезінде осы ауданды басқарған Ш.Өтемісовке куәлік пен төсбелгіні табыс етті.
Соңғы жаңалықтар