Еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігін жұмыссыздар қатарына жатқызса да болады - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігін жұмыссыздар қатарына жатқызса да болады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық - Қазақстанды индустриялық дамытудың кадрлық резерві» тақырыбында өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, индустрияландыру бағдарламасын жемісті жүзеге асыру ең бірінші кезекте еңбек ресурстарының сандық және сапалық қамтылуына қатысты да болмақ. Бұл ретте бағдарлама шеңберінде жоғары білікті еңбек мамандарына сұраныс артып, оның ішінде ең алдымен техникалық сала жұмысшыларына сұраныс көбірек болады. «Жүргізілген талдауларға сүйенсек, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының болжамды сұранысы 160 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте тапсырыс берілген сұраныстың 70 пайызға жуығы орта кәсіби-техникалық білімі бар мамандар болып табылады. Жоғары білімді мамандарға сұраныс тек 14 пайызды ғана құраса, 16 пайызы біліктілік талап етілмейтін жұмысшылар болып отыр. Жалпы алғанда еңбек ресурсымен қамтамасыз ету бойынша сараптамаға жүгінсек, маманға сұраныс негізінен кәсіби білім беру ұйымдарын бітіріп шығатын жоспарланған түлектер есебінен жабылады. Бұдан бөлек, ішкі еңбек нарығынан да тапшылық қамтылып, ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қайта даярлау есебінен сұраныстың орнын толтыру көзделуде», - деді вице-министр. Б. Нұрымбетовтың айтуынша, ішкі еңбек нарығында өте ауқымды жұмыс резерві шоғырланып отыр, бұлар - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. «Бұларды резервке жатқызамыз. Өйткені, олардың құрылымының 91 пайызы өз бетінше жұмыс істейтіндер болып табылады. Бұлардың табысы жоғары емес. Сондықтан да, оларды жұмыспен қамтылғандардан гөрі, жұмыссыздар қатарына жатқызған орынды», - дейді Б. Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум