Еліміздегі сайлауға шетелдік байқаушылардың қатысуы сайлау заңының талаптарына толық сай өтуіне мүмкіндік береді - Қ.Тұрғанқұлов

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы кезекті мәжіліс барысында
None
None

«2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, 2001 жылдың 3 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратқан аккредитациялау туралы куәлігін көрсету арқылы сайлаудың ,барысын байқай алады. «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналистер жеке куәлігі болған жағдайда аудармашылармен бірге жүруге құқылы. Біз халықаралық байқаушының сауалнамасының мәтінін бекітіп, оларды аккредитациялау мерзімін биылғы жылдың 8 ақпаны мен 28 мамыр айының аралығына белгіледік», - деді комиссия мүшесі.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауға шетелдік байқаушылардың қатысуы кезектен тыс сайлаудың заң талаптарына сай өтуіне мүмкіндік беріп, тәжірибе жинақтауға ықпал ететіндігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар