09:40, 14 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Еліміздегі үш мегаполис пен сегіз облыс «қызыл» аймақта
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.