Еліміздегі жастардың 70 пайызы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы атты құжат туралы білмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесінде еліміздегі жастардың 70 пайызы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы атты құжаттың бар екенін білмейтіні белгілі болды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысына арналған Үкімет отырысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты.
None
None

«Қазақстан -2050» Стратегиясында Елбасы негізгі екпінді жастарға берді. Өйткені бұл бағдарламаны іске асыратын да - жастар. Сондықтан жастармен жұмыс жасау біздің ықпалдастығымыздың ең негізгі бөлігі болуға тиіс. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын өткен «Жас Отан» съезінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне осы жұмысты қолға алуды тапсырған болатын. Алайда партия жүргізген зерттеулер осы саладағы жүйелі жұмыстың әлі күнге дейін дұрыс жүргізілмей отырғанын көрсетті. Зерттеулер көрсеткендей, осы саладағы ең негізгі құжат - Мемлекетттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы жастардың 70 пайызы білмейтін болып шықты», - деп атап өтті Б. Байбек. Оның айтуынша, мемлекет Еңбек министрлігі арқылы жастарға арналған әлеуметтік жобаларға, соның ішінде «Жастар тәжірибесі» жобасына 2,3 млрд. теңге бөледі. Алайда жастардың жартысынан көбі бұл жоба туралы естімеген де. Ал тәжірибеден өткен жастардың тек 20 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.

Соңғы жаңалықтар