10:43, 30 Қаңтар 2019 | GMT +5
Еліміздің 2 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Түркістан облыстарында 30 қаңтардан 1 ақпанға дейін жауын-шашын түсіп, таулы аймақтардағы өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, 30-31 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады.