Еліміздің 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Статистика агенттігі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарды.
None
None

2009 жылғы желтоқсандағы тауар айналымының көлемі 2009 жылғы қарашамен салыстырғанда 15,3 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2525250,1 млн. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 3,9 пайызға азайды.

Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 6496251,3 млн. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,0 пайызға азайды.

2009 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 35140 теңгені құрды. Өсім 2008 жылғы қарашамен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 12,1 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін - 6,0 пайызды құрды.

2009 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 532,9 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2009 жылғы желтоқсанның соңына 53,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайыз. Жасырын жұмыссыздық деңгейі, бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызын құрады.

2009 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 66890 теңге болды. 2008 жылғы қарашаға қарағанда өсім 12,3 пайыз. Нақты жалақы индексі 2008 жылғы қарашаға 106,1 пайызды құрды.

Тұтыну бағаларының индексі 2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,2 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 3 пайыз, азық-түлік емес тауарлар - 8,6 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге 8,4 пайыздан артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 31 пайызға артты.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 101,0 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4546,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 2,1 пайызға артық.

2009 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы (ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 62984,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2008 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 37,8 пайызға азайды. Экспорт 37607,7 млн. АҚШ долларын құрады (43,8 пайызға азайды), импорт - 25376,7 млн. АҚШ доллары (25,9 пайызға азайды).

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 8925,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,7 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде 6,1 пайыз өндіріс өсімі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінде (4,5 пайыз), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде (1,9 пайыз) өндіріс өсімінің төмендеуі белгіленді.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 1620,3 млрд. теңгені құрап, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13,8 пайызға артық.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 336,8 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,9 пайызға төмендеді.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 қаңтар 298028 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5 пайыздан артты, оның ішінде 50 адамнан кем емес қызметкерлері бары - 282503 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 188800 құрады, оның ішінде 174250 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 213454 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1 пайызға артты.

2009 жылғы 1 желтоқсанға мемлекеттік бюджет түсімдері 3167,7 млрд. теңгені, шығыстары 3437,2 - млрд. теңгені, бюджет тапшылығы - 269,5 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда түсімдер 11,1 пайызға, ал шығыстар 8 пайызға төмендеді.

2009 жылғы IІІ тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 966,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 37,1 пайызға төмен. Пайдалылық деңгейі 24,8 пайызды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 38,4 пайыз.

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2009 жылғы қарашаның соңына 7822,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,8 пайызға артты. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлесті салмағы 84,6%, шетелдік валютадағы кредиттер 49,9 пайызды құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 6257,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті айға қарағанда 20,1 пайызға артық. Жеке тұлғалардың депозиттері тиісінше 25,2 пайызға артып, 1806,9 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар