Еліміздің 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр - Әсет Исекешев

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасымен Үкімет «2030 жылға дейінгі инновациялық дамудың» жоспары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы ол инноваторлардың жалпы қоғамының қарауына ұсынылатын болады»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.

Ә. Исекешевтің пайымдауынша, бұл тұрғыда осы жоспар Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа бағдарды ашуға жол бермек.

Айта кетейік, форум жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес және инновациялық ұйымдардың өкілдері мен бұл саладағы шетелдік мамандар қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар