Еліміздің 6 қаласында ауа ластануы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 8 қаңтар күні ел астанасы - Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар
Референдум