11:44, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еліміздің аграрлық секторы 2008 жылдың сынынан сүрінбей өтті ? Ауыл шаруашылығы министрі
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биылғы жылдың басты мақсаты – бүгінгі аграрлық сектордағы тұрақтылық пен өсу деңгейін сақтау.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жыл еліміздің агроөнеркәсібі үшін ауыр жыл болды. Республика бойынша орын алған құрғақшылық және одан кейінгі әлемдік қаржы дағдарысы көптеген қиыншылықтарды туғызды. Бірақ оған қарамастан, отандық ауыл шаруашылығы саласы бұл сыннан сүрінбей өтіп, Елбасының бастамасымен қолға алынған кешенді іс-шаралардың арқасында аталған қауіп-қатерлердің әсері төмендетілді. Сол кезде еліміздің аграрлық секторы тұрақтылықты сақтап қана қоймай, алға қарай ілгерілей берді. Енді, осы тұрақтылық пен өсу деңгейін сақтау біздің биылғы басты мақсатымыз болмақ», - деді өз сөзінде А.Күрішбаев.