21:10, 25 Ақпан 2023 | GMT +5
Еліміздің алты облысында 11 жолда көлік қозғалысына тыйым салынған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының соңғы мәліметіне сенсек, бұл 11 учаске Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Қостанай облыстарында орналасқан.
Республикалық желіде 402 арнайы техника және 704 жолшы маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жүр.
Жабылған күре жол учаскелерін мына сілтеме арқылы білуге болады.