Еліміздің әрбір ауылдық округінде ветеринар маман жұмыс істейтін болады - Е. Аман

Жауапты хатшының айтуынша, былтырғы жылы «Ветеринария туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңға енгізілген толықтыруларға орай, еліміздің әрбір ауылдық округінде бюджет есебінен қаржыландырылатын ветеринар маман ұстауға мүмкіндік туып отыр. «Бұл ретте ауылдарда ветеринар мамандарға қатысты 2 мың 964 бос жұмыс орны анықталған болатын. Қазір бұндай жұмыс орнының 80 пайыздан астамына қызметкерлер алынды. Бұдан бөлек, лицензия бойынша жұмыс істейтін ветеринар дәрігерлер қызметі де сол қалпы сақталатын болады. Үкіметтің 2003 жылғы қаулысында ветеринарлық жұмыстың қайсысы ақылы, ал қайсысы бюджет есебінен атқарылатыны белгіленген. Дегенмен, қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстарының басым бөлігі бюджет есебінен жүзеге асады», деді Е. Аман.